Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүк көлігі аялдамаға кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді (видео)

Опубликовано:

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Іле ауданында жүк көлігі қатты жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді. Бұл туралы өңірлік ПД бастығы Бауыржан Әленов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оқиға жексенбі, 12 мамырға қараған түні болған.Әленовтің мәліметінше, "Беркут-35" экипаж қызметкерлері Байсерке ауылын патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісі мас халде болуы мүмкін деп күмәнданған.

"Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше жасырынуға тырысты. Нәтижесінде жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды" , - деді ПД бастығы.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099009-almaty-oblysynda-zhuk-koligi-aialdamaga-kirip-ketip-eki-adamdy-qagyp-oltirdi-video/