jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алды

    Ойын-сауық орталығы
    Сауда, ойын-сауық орталығы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Оқиға, 9 мамыр күні кешке Атырау қаласында орналасқан сауда орталығында болған. Ойын алаңындағы қорғаныш белдігі үзіліп, жасөспірім биіктен құлаған. Соған байланысты ата-анасы оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырған.

    "Жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Аурухана дәрігерлері 10 жасар қыздың сол жақ шынтақ буынының жабық жарақаты барын анықтады.

    Мұндай жарақат оң жамбасында да болған. Дәрігерлердің тексеруінен соң стационарлық емдеу шарасы қажеттігі туындамады. Сол себептІ жарақат алған жасөспірім амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді", -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.