Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі көлік өртеніп кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Өртенген көлік
Өртенген көлік. Фото: ҚР ТЖМ

Қарағандыда екі автокөлік өртеніп кетті. Төтенше жағдай министрлігі аталған жайттың мән-жайын хабарлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның Telegram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жалпы ауданы 6 шаршы метр болатын екі жеңіл автокөлік Қазыбек би ауданында өртенген.

Жоғары температура жақын жерде тұрақта тұрған көліктің бояуы мен пластикалық бөлшектерін де зақымдаған.

ТЖМ қызметкерлері өртті қысқа мерзімде оқшаулап үлгерді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099093-qaragandyda-eki-kolik-ortenip-ketti-foto-video/