Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр

Опубликовано:

Баланың аяғын ұстап жатқан әйел
Ана мен бала. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады.

Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар.

Ал бұлардан бөлек елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет тойланып отыр. 

Қазіргі уақытта Республикалық аналар кеңесінде елдің облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерінде 1713 бөлімше бар (оның ішінде 17 облыстық, 56 қалалық, 159 аудандық, 1481 ауылдық және этномәдени бірлестіктер жанында), олардың құрамына 16051 әйел кіреді.

Жалпы, Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099120-biyl-elimizde-algash-ret-analar-kuni-toilanyp-zhatyr/