Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Эверест шыңын бағындырды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық "Kazakh Everest Team" Эверест шыңын бағындырды. Осылайша, экспедиция құрамындағы Анар Бурашева ең биік нүктені еңсерген тұңғыш қазақ қызы атанды.
"Kazakh Everest Team" баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамыр күні Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев бар қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848м) сәтті көтерілген.
"8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды.
Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы", - деді "Kazakh Everest Team" баспасөз қызметі.
Жалпы "Kazakh Everest Team" командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылған: 7 мамырда базалық лагерьден шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I лагерь арқылы өтіп, одан кейін II лагерьге, III лагерьге көтерілген және IV лагерьге жеткен соң одан әрі Эверест шыңына жеткен.
Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев Қазақстанның мемлекеттік туын орнатты.
"Бүгін, 12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV лагерьде (8 000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр", - деп атап өтті "Kazakh Everest Team" өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099150-tarihta-tunggysh-ret-qazaq-qyzy-everest-shyngyn-bagyndyrdy/