Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қымбат ішімдік ұрлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды (видео)

Опубликовано:

Дүкенде ұрлық жасады деп айыпталған күдіктілер
Күдіктілер. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana

Астанада сауда орталығының бірінен дүкен сөресіндегі қымбат ішімдік ұрланғаны жайлы хабар келіп түскен. Полицейлер ұрлық жасады деп күдіктелген азамат осыған дейін ұрлау деректеріне де қатысы барын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері "Есіл" ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген адамды анықтады.

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қала тұрғынынан полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы сауда орталығының бірінен дүкен сөресіндегі қымбат ішімдік ұрланғаны жайлы хабар келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасындағы жазбаны тексеріп, ұрлық жасады деп күдіктелгендердің ізіне түскен.

Іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары ұрлық жасады деп күдіктелген 19 жастағы елорда тұрғынын тапты. Жәбірленушіге жалпы құны 27 мың теңге шамасында шығын келтірілгені анықталды.

"Жас жігіт дүкенге еркін кіріп, қымбат ішімдікті байқатпай қойнына тығып, алып шыққаны бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Тексеру кезінде аталған азаматтың бұған дейін осыған ұқсас ұрлықпен айналысып, тағы басқа сауда орталықтарына 90 мың теңге көлемінде шығын келтіргені белгілі болды. Ол киімдерді өлшеп киген сыңай танытып, магнит карталар дабыл белгісін қақпас үшін ұрлаған заттарын арнайы орамаға орап, сауда орнынан алып шыққан", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық бұзушы кінәларын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Полиция департаменті сауда орталығындағы сатушыларға жұмысында қырағы болып, жұмыс орындарына ұрлыққа қарсы шаралар кешенін жасауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099471-elordada-qymbat-ishimdik-urlady-degen-kudikpen-zhas-zhigit-ustaldy-video/