Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда белгісіз біреу тапсырыспен бөтенннің көлігін өртеп, дәлел ретінде видео түсірген

Опубликовано:

Өртеніп жатқан көлік
Өртке оранған көлік. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы полицейлері қала тұрғынының көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ ол сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция өкілі өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099489-almatyda-belgisiz-bireu-tapsyryspen-botennning-koligin-ortep-dalel-retinde-video-tusirgen/