Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ондаған сауда нүктесі тексерілмеген ет өнімін сатқан

Жарияланған күні:

Ет
Ет. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада ветеринариялық тексерулерден өтпеген ет өнімдерін сату бойынша 100-ден астам сауда орны анықталды. Елорда прокуратурасы тексерулер жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелеріне сәйкес көптеген заң бұзушылық, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болғаны, ет тиісінше тасымалданбағаны, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар орындалмағаны анықталды, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы заң бұзушылықтар туралы белгілі болды.

Ведомство ақпараты бойынша, елорда бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын 100-ден астам бақыланбайтын субъекті жұмыс істейді.

"Барлық зертханада ветеринариялық-санитариялық жағдай бұзылғаны анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, ал мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Уәкілетті органдар анықталған заң бұзушылықтарды жойып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099498-astanada-ondaga-sauda-nukteleri-tekserilmegen-et-onimin-satqan/