Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мүгедектігі бар таксишіге тіл тигізген жолаушы 15 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада мүгедектігі бар таксишіге тіл тигізген жолаушы жазаланды. Ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды елорда сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Істің мән-жайы бойынша, жолаушы таксиде келе жатып, такси жүргізушісінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағат сөздер айтқан.

Сот отырысы барысында жолаушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

"Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан", - делінген іс материалында.

Сот қаулысымен жолаушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099519-astanada-mugedektigi-bar-taksishige-til-tigizgen-zholaushy-15-taulikke-qamauga-alyndy/