Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеңсе пышағымен қыздың тамағын жарақаттады: Талдықорғанда сотталушыға қатысты үкім шықты

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 13 мамырда ауыпталушыға қатысты адам өлтіруге оқталу және бұзақылық бойынша қылмыстық істі қарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот мәліметі бойынша 2023 жылғы 27 қазанында сағат 16:40-та айыпталушы Талдықорған қаласындағы интернет-дүкеннің тауарды жеткізу орнына өзінің құрбысы Х.-нің жұмысына келген. Онда олардың арасында жанжал туындап, ер адам қызды өлтіру мақсатында қылмыстық ниеті пайда болған. Ер адам сол қолмен қыздың бетіненұрған. Қыз еденге құлап, кейін еденде жатқан қыздың денесіне отырып, қолындағы пышақпен оның мойнына пышақ жарақатын салған.

Осы кезде сол жердегі әйел дүкенге келіп, оның әрекетіне кедергі келтіріп, ер адамнан пышақты тартып алуға тырысқан. Қару ретінде кеңсе пышағын пайдаланған ер адам әйелді де мойынынан ұрып, жеңіл дене жарақатын салған.

Cотта келтірілген деректер бойынша ер адам өлтіруге бағытталған іс әрекетін жүзеге асыра алмаған, себебі сол жердегі әйел полицейлерді көмек шақырған. Ер адам оқиға орнынан қашып кетті.

Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі дерегі бойынша, сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілердің 5 миллионнан астам азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099723-kengse-pyshagymen-qyzdyng-tamagyn-zharaqattady-taldyqorganda-sottalushyga-qatysty-ukim-shyqty/