"Не үшін маған 4 жыл?": Байжанов үкім оқылған соң судьяға сұрақ қойды
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім оқылды. Судья Айжан Құлбаева сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтан қандай да бір сұрақтары бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев үкімге қатысты сұрағы жоқ екенін айтып жауап берді. 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов сұрақ ойды:
"Не үшін маған 4 жыл?" - деп сұрады ол.
Судья Құлбаева сот алқабилермен бірге осындай шешім шығарғанын айтты.
"Жарайды. Кінәсіз адамды соттадыңыздар", - деді Байжанов.
Судья сотталушылар үкімге 15 тәулік ішінде шағым түсіре алатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099813-ne-ushin-magan-4-zhyl-baizhanov-ukim-oqylgan-song-sudiaga-suraq-qoidy/