Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ерлі-зайыпты Лондонда кісі өлтірді деген күдікке ілінді: мән-жайды СІМ өкілі хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түрме
Түрме. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінгі өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лондонда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған қазақстандықтар туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне 10 мамырда Лондон полициясы адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталғаны туралы хабарлағанын айтты.

"Анықталған ақпаратқа сәйкес ұсталғандар – ерлі-зайыпты. Әйел "ешқайда кетпеймін" деген арызы бойынша босатылған, ал күйеуі қамауда, қазір тергеу жүріп жатыр. Біз барлық қажетті консулдық құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз, адвокат табамыз. Олардың Қазақстандағы туыстарымен байланыстамыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, сейсенбіде, 7 мамырда 37 жастағы қазақстандыққа кісі өлтірді деген айып тағылған болатын. Ол сәрсенбіде, 8 мамырда Темза Магистрат сотына келді. Полиция 6 мамырда Лондондағы аудандардың бірінде пышақ жарақаттарымен 42 жастағы ер адамның денесі табылғанын мәлім етті. Оқиға орнында қазақстандық ер адам мен 33 жастағы әйел ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099882-qazaqstandyq-erli-zaiypty-londonda-kisi-oltirdi-degen-kudikke-ilindi-man-zhaidy-sim-okili-habarlady/