Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су тасқынының алдын алу жүйесі жасалады

Опубликовано:

Су тасқынына қарсы шаралар
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстанда жаңа Су кодексі және басқа да бірқатар стратегиялық мемлекеттік бағдарламалар су тасқынын болжау және алдын алу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қайта қаралады. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды үкімет сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанда бірнеше тиісті IT-шешімдер жасалмақ: жедел хабарлау және құтқару қызметтерін ТЖ аймағына жөнелту үшін SKYMAX су тасқынының алдын алу жүйесі және тасқын сулардың өтуінің цифрлық карта-схемасы.

Сонымен қатар су қорғау аймақтарында жер учаскелерінің бөлінуін бақылау үшін су объектілері мен кадастр бойынша деректерді қамтитын hydro.gov.kz платформасы әзірленуде. Әкімдіктер су қорғау аймақтарында орналасқан құрылыстарға тексеру жүргізіп, оларды жою немесе көшіруді қамтамасыз етуі қажет", - делінген хабарда.

Осы ретте Қанат Бозымбаев жергілікті атқарушы органдарға су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленбеген су объектісінің жағалау аймағынан 500 метр аясында жер учаскелерін беруге жол бермеуді тапсырды.

Тиімді гидромониторинг үшін елімізде гидропосттар саны артады. Қолданыстағы  377 гидропостқа тағы жаңа 139 нысан қосылады, олар су тасқыны қаупі бар аумақтар мен трансшекаралық өзендерде орнатылады.

"Қазгидромет" РМК жанындағы гидрологиялық қызметті президент тапсырмасы бойынша жаңадан құрылған "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметіне тапсыру ұсынылды. Қазіргі уақытта бұл мәселе талқылау сатысында. 

Су тасқынын болжау үшін халықаралық сараптамалық қолдау маңызды. Апаттың алғашқы күндерінен бастап елімізде Нидерландыдан келген ғалымдар тобы жұмыс істеп жатыр, олар жақын арада су тасқыны қаупін басқарудың бірлескен жоспарын ұсынады.

Кеңес барысында вице-премьер әкімдіктердің гидроқұрылыстарды пайдаланудың мамандандырылған ұйымдарын құру туралы баяндамаларын тыңдап, бейінді министрліктерге бірқатар тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099921-qazaqstanda-su-tasqynynyng-aldyn-alu-zhuiesi-zhasalady/