Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының тұрғындары теріскей шұғыласын суретке түсіріп алды (фото)

Опубликовано:

Поляр шұғыласы
Поляр шұғыласы. Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысындағы аудандардың бірінің тұрғындары бұл маң үшін ерекше құбылыс – поляр (теріскей) шұғыласын суретке түсіріп алған. Планетарий оның неліктен бұл жерде көрінгенін түсіндірді, деп хабарлайды "Диапозон".

Ақтөбе планетарийіндегілердің журналистерге түсіндіруінше, 11 мамырға қараған түні солтүстік шұғыла Антарктида, Аляска, Канада архипелагы, Гренландия, Исландия және Скандинавия түбегінің солтүстік бөлігінде байқалған.

Ол әдетте аспанда солтүстік және оңтүстік ендіктің 60° пен 75° аралығында көрінеді, ал Ақтөбе облысы солтүстік ендіктің 50 градусында орналасқан.

"Астрофизика институтының ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты Виталий Кимнің айтуынша, Күндегі күшті жарқылдар поляр шұғыласын тудырады, оны экватор аймақтарынан да байқауға болады. Мәселен, солтүстік шұғыла кейде 20 градус солтүстік ендікке жататын Кубада байқалады.

Күннің белсенділігі шамамен 4 жылға созылады. Максималды белсенділік 2025 жылы болады деп болжануда, кейін төмендейді", - деді планетарий директорының орынбасары Бибігүл Мұстафина.

Белсенді күн күндері сарапшылар ауа райына тәуелді адамдарға күйзелістен аулақ болуға және денсаулығын бақылауға кеңес береді. Сондай-ақ ең жоғарғы – бесінші деңгейдегі магниттік дауыл келе жатқаны ескертілді.

Бұл кезде бас ауруы, әлсіздік байқалып, қан қысымы өзгеруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099981-aqtobe-oblysynyng-turgyndary-teriskei-shugylasyn-suretke-tusirip-aldy-foto/