Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ жарақатын салды

Опубликовано:

Автобус салоны
Автобус. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, қоғамдық көлік жүргізушісі жарақат алды. Бұл жөнінде полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында жанжал туындап, жанжал шығарғандардың бірі пышақ қолданған. Полиция пышақты тәркіледі.

Полиция өкілдері шабуыл салдарынан жүргізушінің жарақат алғанын мәлімдеді.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен суық қару қолдану арқылы бұзақылық жасау фактісі бойынша іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысты қосымша мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кеткен болатын. Кейін полиция өкілдері автобус жолаушысы жүргізуші әйелді соғып, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын, бұл жол-көлік апатына әкеп соқтырғанын хабарлады. Салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып, үш адам қаза тапты.

26 сәуірде жүргізушіге жұдырық жұмсаған ер адамға сот үкімі шығып, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жуырда мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов азаматтардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, автобус жүргізушілеріне жасалатын шабуылды терроризммен салыстырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100119-almatyda-zholaushy-avtobus-zhurgizushisine-pyshaq-zharaqatyn-saldy/