Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасына бөлінген 600 млн теңге жымқырылған

Опубликовано:

Ауыл
Ауыл. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының прокуратурасы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасының мақсаты – азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халық саны аз елді мекендерге қоныстандыру.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, жобаны іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау деректері анықталған.

Бюджет қаражатын жымқырудың тұтас схемасы құрылған, оның ішінде шығынның жартысын иемдену үшін берілетін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50 пайызы өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Яғни қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеге сатып алынып отырған.

"Осылайша қоныс аудару тек қағаз жүзінде орындалған, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. 6 ауданның өзінде шамамен 600 млн теңгеге шығын келтірілгені анықталды", - делінген хабарламада.

Прокуратура тексеру материалдарын Қылмыстық кодекстің 190 бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.

Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100158-pavlodar-oblysynda-qonys-audaru-bagdarlamasyna-bolingen-600-mln-tengge-zhymqyrylgan/