jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында колония бастығы қамауға алынды

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы облысының прокуратурасы тексеру нәтижесінде облыстағы түзеу мекемелеріндегі өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, сотталғандар ұялы телефонды пайдалану арқылы онлайн сауда жасап, кредиттер рәсімдеген және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан, ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асқан.

    "№10 мекеменің сотталғандары мобильді құрылғыларды қолдана отырып, мекеме ішінде рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды сатқан.

    Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.

    Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Бұдан басқа, облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    "№57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ​

    Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды. Тергеу жалғасуда", - делінген ресми ақпаратта.

    Алматы облысында колония бастығы қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.