Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында балалар жатақханадан шығарылып, орнына шенеуніктер орналасып алған

Опубликовано:

Жатақхана
Жатақхана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысында 100 оқушы жатақханадан қуылып, тұруға арналмаған жағдайда өмір сүріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, прокуратура Шет ауданының Ы.Алтынсарин атындағы қолдау мектебі жанындағы "Интернат" КММ қызметіне кешенді тексеру жүргізілген.

Интернат ғимаратының кешеніне оқушыларға арналған үш қабатты жатақхана кіреді. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл жатақханада жақын маңдағы ауылдардан келген 100 оқушы тұрып келген.

Алайда 2022 жылдың соңында комиссияның шешімімен балалар санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жатақханадан шығарылып, олар адам тұруға арналмаған Ресурстық орталық ғимаратының 2-қабатына орналастырылған.

"Салдарынан оқу кабинеттері азайып, кейбір кабинеттер шаруашылық бөлмелерге айналып, оқушылардың оқу, демалыс орындарының, санитариялық тораптардың, қоғамдық тамақтану орындарының және т.б. алаңдардың белгіленген нормалары бұзылған", - делінген хабарламада.

Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында жатақхананың 2-қабатында "Шет ауданының білім бөлімі" ММ орналасқаны, ал 3-қабатта білім бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері үшін жатақхана ұйымдастырылғаны анықталған.

"Бұл жайт халықтың наразылығын тудырды", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, балалар жатақханаға қайтарылған, ал Интернаттағы жатын бөлмелерге айналған оқу кабинеттері қайтадан өз жұмысын жандандырды.

Қазір интернатта оқитын 412 бала сапалы білім ала алады. Кінәлі тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100230-qaragandy-oblysynda-balalar-zhataqhanadan-shygarylyp-ornyna-sheneunikter-ornalasyp-algan/