jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде бойжеткенді интим суреттермен бопсалаған күдіктілер ұсталды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтөбеде полиция бойжеткенді бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бойжеткеннен 300 мың теңге сомасында ақша бопсалаған екі тұрғынды ұстаған.

    Тұрғындар бойжеткенді оның интим сипатындағы фото-бейнематериалдарын жариялайтынын айтып қорқытқаны анықталды.

    Полиция бопсалаушылардың бірін Ақтөбе қаласында жәбірленушіден аталған соманы алу кезінде қолға түсірсе, екінші күдіктіні Хромтау қаласынан ұстаған.

    Ұсталған күдіктілер кінәсін мойындады, олардан заттай айғақтар – 300 мың теңге сомасындағы ақша және материалдар (интим сипатындағы фото-бейнежазбалар) бар телефон тәркіленді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.