Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зиян келтіруге болмайды": министр итті аяусыз басып өткен депутатқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Күшік
Ит. Көрнекі фото: "Время" газеті

Үкімет брифингінде экология министрі Ерлан Нысанбаев жақында итті өз көлігімен қағып кеткен депутатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Заңнамалық база бар және итке келтірілген зиянның дәрежесі Қылмыстық кодекс пен ӘҚБтК-ге сәйкес бағаланады. Мұнда, әрине, жануардың келе жатқанын көріп, оған зиян келтіруге болмайды. Бұл менің ұстанымым", - деді Нысанбаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларға қатысты ІІМ ведомствосы тергеу жүргізіп, істі әрі қарай сотқа жібереді.

"Қайталап айтамын, ауырлататын мән-жайлар бойынша қылмыстық деп танылған баптар және ӘҚБтК бар. (...) Бұл фактіні толығымен зерделеуді және ақпараттың БАҚ-тан берілуін тапсырамын – біз оны міндетті түрде әлеуметтік желілерде жариялаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, көлікпен итті аяусыз басып өткен адам Ақмола облысындағы мәслихат депутаты Қайрат Ауғалиев болатын. Өңірлік полиция департаменті оның жануарларға қатігездік көрсеткені үшін ажауапқа тартылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100248-ziian-keltiruge-bolmaidy-ministr-itti-aiausyz-basyp-otken-deputatqa-qatysty-pikir-bildirdi/