Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО әкімі қытайлық туристерге көлігіндегі тонировка үшін айыппұл салмауды ұсынды

Опубликовано:

Ермек Көшербаев
Ермек Көшербаев. Фото: kzkazan.ru

Үкімет отырысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаева бұқаралық туризмді дамыту және туристік салаға инвесторларды тарту бағытында өңірде қандай жұмыс атқарылып жатқаны жөнінде баяндама жасады. Онда Ермек Көшербаев қытайлық туристерге көлігіндегі тонировка үшін айыппұл салмауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ермек Көшербаев өңірде туризмді дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды айта келе, жақында қытайлық туристер тобы келе бастағанын сүйіншіледі. Алайда оның айтуынша, өз көлігімен шекарадан өткен қытайлықтарға қатысты мәселе туындап отыр.

"Өте маңызды жайт – биыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы деп жарияланды. ШҚО делегациясы форумға қатысты, сәуірде форумның ашылу салтанатында қытай кәсіпкерлеріне туроператорлар облыстың туристік мүмкіндіктерін көрсетті, бұл аймаққа туристерді тарту мақсатында жасалды. Нәтижесінде тарихта алғаш рет екі апта бұрын біздің облысқа ұйымдасқан қытайлық туристер тобы өз көлігімен келді. Қытай туристері қазір өз көлігімен саяхаттағанды, автокэмпингті ұнатады. Сәйкесінше, біз автотұрақтар мен алаңдар ұйымдастыруды қолға алып жатырмыз. Мұнда бір мәселе бар, оны шешу керек. Мәселе мынада – Қытайда автокөлікке тонировка қолдануға тыйым салынбаған. Ал біздің елде бұған рұқсат жоқ. Сондықтан біз облыстық полиция департаменті арқылы қытайлық туристерге аталған шектеуді алып тастауды қарастыру туралы ұсыныс енгіздік. Туристердің облыс аумағында болатын мерзімінде оларға айыппұл салмау жолдарын қарастырып жатырмыз", - деді Ермек Көшербаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100296-shqo-akimi-qytailyq-turisterge-koligindegi-tonirovka-ushin-aiyppul-salmaudy-usyndy/