Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің еңбегінің түпнұсқасын әлі оқымадым": Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Жарияланған күні:

Жанна Сәбитқызы.
Жанна Сәбитқызы. Видеодан кадр: Youtube/ Q.REC

Қазақтың әйгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың кенже қызы Жанна Сәбитқызы алғаш рет сұхбат берді. Ол қазақ тілі туралы сөз қозғап, әкесінің кітабының түпнұсқасын оқымағанын айтты.

Сұхбат Youtube желісіндегі Q.REC парақшасында жарияланды. Әлия Әшім есімді журналистің қазақ тіліне қатысты әзірлеген деректі фильмінде жазушы Сәбит Мұқановтың қызы да пікір білдірді.

Алматы қаласында туып-өскен Жанна Сәбитқызы кеңестік заманды еске алып, не себепті қазақ тілінде сөйлемейтінін түсіндірді.

"Әкемнің әкесі шабан, ал анасы үй тірлігінде болды. Ол уақытта мектепте қазақ тілін оқытпайтын. Ал ата-анам үйде қазақ тілінде сөйлесетін. Әкем үнемі қазақ мектептерінің санын арттырып, бағдарламаға қазақ тілін қосу мәселесін көтеріп жүрді.

Ол кезде қазақ тілінде сабақ беретін бір мектеп қана болатын. Шатаспасам, № 12 мектеп. Ал біз Ғабит Мүсіреповтің, Жұбан Молдағалиевтің қыздарымен бірге №56 орыс мектебінде білім алдық", - деді жазушының қызы.

Алғаш рет сұхбат берген Жанна Сәбитқызы журналистің "әкеңіздің кітабының түпнұсқасын оқыдыңыз ба?" деген сұрағына басын шайқап, оқымағанын жеткізді.

"Жастар қазақ тілін білсе, қазақ тіліне қызықса, балалар өзара қазақ тілінде сөйлессе, қуанамын. Әрине, әрбір ұлт өз тілін біліп, кітапты түпнұсқада оқи алуы керек.

Мен қазақ тілін білемін, түсінемін. Бірақ әкемнің еңбегін әлі оқымадым, ауызекі қазақ тілінің курстарына жазылдым. Болашақта, бірнеше айдан кейін түпнұсқасын оқимын деп ойлаймын", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100368-akemning-kitabyn-tupnusqada-oqi-almaimyn-sabit-muqanovtyng-qyzy-algash-ret-suhbat-berdi/