Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында 5 ветеринарлық зертхананың қызметі тоқтатылды

Опубликовано:

Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет
Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жетісу облысында қажетті құрал-жабдықтармен, химиялық заттармен қамтамасыз етілмеген ветеринарлық зертханалар тиісті зертханалық зерттеулер жүргізбестен формалды сараптама актісін беріп келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыздық салдарынан соңғы үш жылда олар 8 мыңнан астам ветеринарлық-санитарлық сараптама актісін заңсыз берген.

"Зертханалар санитарлық талаптарын сақтамаған.

Табиғатты қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асатын 7 ветеринарлық зертхана әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтар жойылғанша бес зертхананың қызметі уақытша тоқтатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы мәліметінге, ветеринария саласындағы уәкілетті органның (бақылау-қадағалау) лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100476-zhetisu-oblysynda-5-veterinarlyq-zerthananyng-qyzmeti-toqtatyldy/