Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған ғимарат сүріле бастады

Опубликовано:

Ірі құрылыс нысанын сүру жұмыстары
Ірі құрылыс нысанын сүру жұмыстары. Видеодан кадр: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жеке тұлға шаруашылық тәсілмен рұқсатсыз ірі құрылыс нысанын тұрғызған. Сол себепті таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қала құрылысын бақылау басқармасы ақпараты бойынша, Алматыда Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру жұмыстары басталды.

Құрылыс ауданы шамамен 544 шаршы метр. Жеке тұлға рұқсат беру құжаттамасын алмай, авторлық және техникалық қадағалаусыз құрылыс объектісін шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

"Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316 бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген заң бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді", - делінген хабарламада.

Сүріліп жатқан ірі құрылыс нысаны
Сүріліп жатқан ірі құрылыс нысаны. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 462 бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Сондай-ақ әкімдік мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылған, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.

Ал сол жылы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100701-almatyda-tau-bokterinde-zangsyz-salyngan-gimarat-surile-bastady/