Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды

Опубликовано:

Полицей күдіктімен
Полицей және күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы бойынша 5 күн ішінде тәртіп сақшылары "ізін суытпай" 122 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 50 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ДП-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Іс-шара кезеңінде құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайтуға, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бүлдіру, мүліктік залал келтіру, ұсақ бұзақылық, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылады", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Сонымен қатар жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 3 мың 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және жолы кесілді.

Атап айтқанда, тыныштықты бұзу бойынша 376 дерек, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу бойынша 500-ден астам дерек, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру бойынша 821 дерек, 99 ұсақ бұзақылық анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100782-almatyda-izdeude-zhurgen-13-qylmysker-ustaldy/