Қазақстанда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі артады
Жарияланған күні:
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы талқыланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеткізушілер жалған ақпарат ұсынған жағдайда оларды мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары деп тану туралы талапты сотқа бермегені немесе уақтылы бермегені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте сатып алуды ұйымдастырушыға жауапкершілік қарастырылады.
Мұндай құқықбұзушылыққа – 30 АЕК, қайталанған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етпей шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздері толықтырылды. Жаза – 30 АЕК, қайталаған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100800-qazaqstanda-memlekettik-satyp-aluga-qatysushylardyng-zhauapkershiligi-artady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.