Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды

Опубликовано:

Мұхтар Әблязов
Мұхтар Әблязов. Фото: Thomas Coex/AFP/Getty Images

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы – Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "БТА Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықпен алынған ақшаны шетелде жымқыру және жасыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

"Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы – Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.

Ол "Metropolitan Manageres Corp" (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, "Беловод крахмал комбинаты" ЖАҚ басқарма төрағасы және "Маис Агро" ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, жазбаша өтініш жолдады", - делінген хабарламада.

15 мамырда ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.

Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын тағайындалған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100869-abliazovtyng-tagy-bir-sybailasy-qazaqstanga-oz-erkimen-qaitaryldy/