Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша қызмет көрсетілді

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: Көлік министрлігі

Тәуелсіз Қазақстан тарихында әуе кеңістігінде көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетілді.

Оның ішінде 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

Көлік министрлігінің "Қазаэронавигация" РМК Қазақстанның барлық аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым).

Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы – 111 мың шақырым.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстанның әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100872-qazaqstannyng-aue-kengistiginde-415-myngnan-astam-ushyp-qonu-boiynsha-qyzmet-korsetildi/