Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пышақпен қорқытқан": елордада жас жігіт дүкеннен энергетикалық сусын ұрлаған (видео)

Опубликовано:

Шағын дүкенді тонаған жігіт
Шағын дүкенді тонаған жігіт. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana/

Астаналық полицейлер шағын дүкенде ұрлық жасаған 27 жастағы жігітті ұстады. Энергетикалық сусын ұрлаған елордалық ер адам дүкен күзетшісін пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер шағын маркеттен ашық түрде энергетикалық сусын тонаған қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті өзін тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні итеріп, пышақпен қорқытып, ізін суытқан.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстаған.

Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полиция департаменті азаматтарды заңсыз әрекеттерге барған жағдайда дереу полицияға хабарласуды, қауіпсіздік мақсатында қылмыскерлерді ұстауға өз бетінше шара қолданбауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100932-pyshaqpen-qorqytqan-elordada-zhas-zhigit-dukennen-energetikalyq-susyn-urlagan-video/