Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда 8 айлық нәресте аштан өлді: анасына үкім шықты

Жарияланған күні:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда аштан қайтыс болған 8 айлық сәбидің анасы жазаланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық сот мәліметіне жүгінсек, Т. есімді тұрғынға қатысты қылмыстық іс абайсызда қазаға ұшырату фактісі бойынша қозғалған.

"Т. есімді тұрғын 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында Екібастұз қаласы Шідерті ауылында тұрып, сегіз айлық баласына қылмыстық немқұрайдылық танытып, оны жеткілікті тамақпен қамтамасыз етпеген. Оның абайсыздығы баланың өліміне әкеп соққан", - делінген хабарламада.

Келіншек өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді. Оның кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысы, сарапшының айғақтары және сотта зерттелген басқа да құжаттамалық, заттай дәлелдемелер арқылы расталды.

Сот оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Келіншектің қалған екі жас балаға қатысты ата-ана құқығы шектелді. Олар Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қамқорлығына беріліп отыр.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101085-ekibastuzda-8-ailyq-nareste-ashtyqtan-oldi-anasyna-ukim-shyqty/