Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

Шенеунік
Қызметкер. Көрнекі фото: Pixabay.com

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасарына су ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстарды заңсыз жүргізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының қызметкерлері су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу бойынша ашық конкурс рұқсат құжаттарынсыз өткізілгенін, сондай-ақ ол жұмыстарды жүргізу уәкілетті органдармен келісілмегінін анықтаған.

Ал рұқсат беру рәсімдері қолданыстағы заңнама бойынша міндетті болып саналады.

Осылайша Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу арқылы 5 көшеде (Шымкент қаласы Қаратау ауданы Байдібек би даңғылы, Нұрсәт шағынауданы Измир к-сі., Тұран шағын ауданы Абылайхан к-сі., Батыр-1 және Батыр-2 шағынауданында Алатау к-сі.) су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын заңсыз жүргізуге және жерасты қойнауы – жерасты суларын заңсыз пайдалануға рұқсат берген.

"Қадағалау актісі бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 360-бабының 2-бөлігі (Су қорғау аймақтарында және су обьектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту) бойынша хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 73 840 теңге көлемінде айыппұл өндірілді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101118-shymkentte-lauazymdy-tulga-akimshilik-zhauapkershilikke-tartyldy/