Қарағанды әкімі: Қайрат Нұртастың сымбатты бейнесі ең орынсыз жерде ілулі тұр
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов қалаға шығып, қоғамдық көлік аялдамаларының жағдайына, атап айтқанда, жарнама мен хабарландырулардың көптігіне назар аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Шенеунік Instagram-дағы парақшасында қала көшелерінен видео жариялады.
"Мына жағдайды елестетіп көріңізші: жеке үйіңізде немесе пәтеріңізде тұрып жатырсыз, терезелеріңізге жарнама іліп қойды, сіз оларды жудыңыз, жарнамасы бар қағаздарды тағы жабыстырды, сіз оны қайта жудыңыз, бұл жолы еш нәрсемен жуып кетіре алмайтын желіммен жабыстырып тастады. Ренжисіз бе? Ашуыңызға тие ме?" - деп жазды Қарағанды қаласының әкімі.
Ол аялдамаларға жарнама жабыстырып қоятындар ашуландыратынын айтады. Танымал әншінің концертінің жарнамасы да қала басшысының назарынан тыс қалмапты.
"Мен Қайрат Нұртасты тыңдамаймын, бірақ мен енді оны... Өйткені оның бейнесі, әдемі бейнесі әр жерде ең орынсыз жерде ілініп тұр, барлық аялдамаға жабыстырып тастаған", - деді Мейрам Кожухов.
Әкім жарнама жабыстыратындарға жүгінді.
"Мен бұл адамдарға мынаны айтқым келеді – әлеуметтік желі не үшін берілген? Олар қалай болса, солай ілінген плакаттарға қарағанда, көп адамды қамтиды. Уақыт өте келе ол плакаттар сұмдық болып кетеді. Біздің жігіттер үшін ең сұмдығы – мұның бәрін жууға тура келетіні, әсіресе мына ештеңемен жуып кетіре алмайтын түсініксіз желімді. Мұның бәрі қаланың сыртқы көрінісін құртып тұр" - деп ашуланды Қарағанды әкімі.
Қала басшысы әр аялдамада арнайы хабарландыру тақталары ілінгенін атап өтті.
"Сонда жапсырыңыз, ойыңызға келген жерге жабыстыра беретін болсаңыз, жазалаймыз", - деп ескертті әкім.
Сондай-ақ әкім көрінген жерге жабыстырылған хабарландырулар мен жарнамалармен күресудің тағы бір әдісін ұсынды.
"Орынсыз жерге жабыстырды ма, барлық қызметкерге тапсырма беріңіз – олар оған түнде, демалыс күндері, тәулік бойы қоңырау шалып: "Жарнаманы дұрыс ілмедің" десін. Келесі жолы ойланады", - деп кеңес берді әкім.
Айта кетейік, Мейрам Кожухов бұл қызметті өткен жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол әкімнің орынбасары қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101160-qaragandy-akimi-qairat-nurtastyng-symbatty-beinesi-eng-orynsyz-zherde-iluli-tur/