Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: "Хабар" тетеларнасы / khabar.kz

Алматыда Гүлмира Сатыбалдаға қатысты сот процесі басталды. Судьяның айтуынша, Гүлмира Сатыбалдыға басқа да баптармен қатар, аса ірі мөлшерде қорқытып алу бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматы қаласы мамандандырылған қылмыстық сотында осы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сотқа Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек Мәди Батыршаев та тартылған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр, Гүлмира Сатыбалды Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.

Судья алдын ала тыңдау кезінде тараптардың өтініштері тыңдалуы керек екенін және іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға дейін сотқа кедергі бар-жоғын анықтауы керек екенін айтты.

"Тыңдау тәртібі мынадай болады: сот айыпталушылардың жеке басын анықтайды, мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыға тағылған айыпты айтады, содан кейін сот процеске қатысушылардың өтініштері мен мәлімдемелерін тыңдайды – сот басқа процессуалдық мәселелерді түсіндіріп, одан кейін кеңесу бөлмесіне шығып, өтініштер қорытындысы бойынша шешім қабылдайды", - деді судья.

Еске салайық, сәуірдің басында Гүлмира Сатыбалдыға қандай айыптар тағылып отырғаны хабарланған.

Мамырдың басында Гүлмира Сатыбалданың ісі сотқа жіберілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101178-almatyda-gulmira-satybaldynyng-isi-boiynsha-aldyn-ala-tyngdau-bastaldy/