Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Екібастұз
Екібастұз. Фото: kazgazeta.kz

Екібастұзда техногенді сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесіндегі магистралдық кәріз коллекторында тозығы жеткендіктен, құбыр лайланған. Соның салдарынан құбырдың өткізу қабілеті айтарлықтай төмендеп, көптеген тік және көлденең жарық пайда болған, құбырдың жоғарғы бөлігінің бүлінуіне байланысты апатты жағдайлар жиілей түскен.

2023 жылдың шілдесінен бастап құбырдың жоғарғы бөлігінде топырақтың жылжуы және опырылған жер аумағының ұлғаюына байланысты төрт рет құбырдың жоғарғы бөлігіндегі топырақ опырылуы жағдайы тіркелген.

"Бас кәріз коллекторындағы осы жағдайға байланысты Екібастұз қаласындағы жергілікті аумақтағы техногенді апат жарияланды, бұл қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ ведомство өкілдері "Горводоканал" МКК кәріз коллекторын траншеясыз әдіспен қайта қалпына келтіру жобасын әзірлегенін атап өтті. Жобаның құны 5,2 млрд теңге деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101253-ekibastuzda-tehnogendi-sipattagy-totenshe-zhagdai-zhariialandy/