Тоқаев Словакия премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты қатаң айыптады. Сондай-ақ мемлекет басшысы вице-министрге тезірек сауығып кетуін тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, делінген Ақорданың ресми Telegram-арнасында.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101298-toqaev-slovakiia-premer-ministrine-zhasalgan-qastandyqty-aiyptady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.