Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іргетасынан ажыраған үйлер, шатыр сынықтары: Петропавл көшелері су тасқынынан кейін тазартылып жатыр (видео)

Опубликовано:

Іргетасынан ажыраған үй
Іргетасынан ажыраған үй. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Петропавлдың су тасқынынан зардап шеккен аудандарында тәртіп орнатуға кірісті. 2156 тұрғын үй зардап шекті, әрбір екінші тұрғын үйді бұзуға тура келеді дейді мамандар. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлайды.

Петропавлда тасқын талқандаған көшелерді және бүлінген баспаналарды қалпына келтіре бастады. Жұмысқа 55 ауданнан сайланып келген 100 шақты бригада жұмылдырылды. Әзірге олар ағын су айдап әкелген қоқысты жинаумен айналысып жатыр.

Телеарнаның хабарлауынша, 2156 тұрғын үй зардап шеккен, олардың көпшілігін үш апта бойы шатырына дейін су басып тұрды. Сондай-ақ су мұзбен бірге ағып келгенде кейбір үйлерді іргетасынан жұлып әкетті.

Петропавлдағы тасқында екі мыңнан аса жер үйді су басып, көшелердің астаң-кестеңі шыққан. Жан-жақтан келген бригадалар судан бүлінген үйлерді жөндеп беруі тиіс. Құрамында құрылысшы, сылақшы, электригі бар жұмыс тобы өзімен бірге арнайы техникасын да ала келген. Бірақ кейбір үйлер әлі күнге дейін суда тұр. Сондықтан бригадалар бірден іске кірісе алмаған.

"Жердің кебуіне екі аптадай уақыт керек", - дейді мамандар. Әр бригадаға жөнделуге тиіс үйлер бөлініп берілген. Бірақ комиссия әлі зерттеп жатыр, нақты қанша үйге жөндеу қажет екені әзірге белгісіз.

"Біз 1197 үйді қарап шықтық, оның 573-не техникалық есеп берілді, оның ішінде шамамен 238 үй қалпына келтіруге жатпайды, яғни олар баламалы баспанамен қамтамасыз етіледі. Қалғандары бойынша ақауды анықтайтын мамандар келіп, тұрғын үйдің сметасын жасауда, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бізде барлығы 959 үй бар, оларда мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізу қажет",- дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Қазір жұмысшылар алдымен шашылған көше жинауға кіріскен. Топан судың екпіні қатты болғаны сонша, жан-жақтан ағып келген қоқыс тым көп. Осы жұмыс аяқталған соң, тұрғын үйлердің құрылысы басталады.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Петропавлда су тасқынының екінші толқыны болды. Ол кезде қауіпті аймақ қала мен оның шет жақтары болды. Біраз уақыттан кейін аймақтағы жағдай жақсара бастады, бірақ тұрғындарға әзірге үйлеріне бармауға кеңес берілді.

Мамыр айының басында Подгора ықшамауданында тұратындарға қайтып оралуға рұқсат етілді – қала тұрғындарына полиция қызметкерлері алып жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101307-irgetasynan-azhyragan-uiler-shatyr-synyqtary-petropavl-kosheleri-su-tasqynynan-keiin-tazartyluda-video/