Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында су тасқынынан кейін шегіртке қаптауы мүмкін

Опубликовано:

Атырау облысындағы су тасқыны
Атырау облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: instagram.com/atyrau_tjd

Биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген Атырау облысында шегіртке күрт көбеюі мүмкін. Мамандар зиянкестердің азиялық және италиялық түрі 20 мамырдан бастап қаптай бастағанын айтып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, осыған байланысты өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады.

Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмек. Былтыр бар-жоғы 28 мың гектар жер дәріленсе, биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген. Атырау облысындағы шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады.

"Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр", - дейді АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы Абила Қазиева.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101364-atyrau-oblysynda-su-tasqynynan-keiin-shegirtke-qaptauy-mumkin/