Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында балабақшадағы бүлдіршіндерді ұрған адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Балабақшада балаларды тәрбиеші ұрған
Балабақшада балаларды тәрбиеші ұрған. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Желіде балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соғып жатқан адамның видеосы жарияланды. Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері жарияланған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланған. Кадрда ақ жейде киген әйелдің кереуетте жатқан баланы алдымен бірнеше рет ұрғаны, содан кейін отырған сәбидің бетінен шапалақпен тартып жібергені көрінеді.

Басылым авторының айтуынша, видео Жетісу облысындағы Жаркент қаласында түсірілген.

Видеоның астында "Ашулы балабақша тәрбиешілері кішкентай балаларды ұрып-соғып, қылғындырды" деп жазылған.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция түсінік берді.

"Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс ішкі істер департаментінің бақылауында", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101421-zhetisuda-balabaqsha-buldirshinderin-urgan-adam-videoga-tusip-qaldy/