Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азық-түлік корпорациясы" департаменті директоры мен бас маманына айыппұл салынды

Опубликовано:

Ұстау сәті
Ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/antikornews

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдікке ілінді.

Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101538-azyq-tulik-korporatsiiasy-departamenti-direktory-men-bas-mamanyna-aiyppul-salyndy/