Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: жедел штаб жағдайды баяндады

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Ақорда

ТЖМ өкілдері елдегі су тасқынына байланысты жаңа ақпарат жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, 41 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 193 800 текше метр су сорылған.

Өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында 55 722 текше метр су сорылған, 22 670 қапшық және 380 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының айналасында үйінді бөгет салу жұмыстары аяқталды.

"Елтай, Көктоғай, Есбол, Өрлік ауылдық округтерінен Индер ауданының орталығына қатынайтын тас жолды су басып кетуіне байланысты, құтқарушылар аудан тұрғындарын қайық арқылы тасымалдауда. Кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарды тасымалдау тәулік бойы жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 5 320 қапшық пен 564 тонна инертті материал төселген.

Бүгінде республика бойынша 61 151 адам өз үйіне оралған. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 21,1 млн еріген қар суы сорлып, 11 270 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселген.

"Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 893 адам, 948 техника, 344 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды", - делінген министрлік есебінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101565-qazaqstandagy-su-tasqyny-zhedel-shtab-zhagdaidy-baiandady/