Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маралдыдағы алтын зауыты қашан ашылады: вице-министр жауап берді

Опубликовано:

Жаннат Дубирова фото
Жаннат Дубирова. Фото: NUR.KZ / Бақытжан Отарбаева

Сенат кулуарында құрылыс және өнеркәсіп вице-министрі Жаннат Дубирова Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралдыдағы алтын зауытының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Осы уақытқа дейін 2 млрд 150 миллион теңге жұмсалып үлгерген.

"Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. 2 млрд 152 миллион теңге жұмсалды. Сәулет-құрылыс бойынша барлық талаптар сақталады. Қоршаған ортаға зияны заң шеңберінде тексерілді", - деді ол.

Алтын зауытының салынуынан еліміздің қаншалықты пайда көретініне қатысты сұраққа вице-министр жауап бере алмайтынын айтты. Оның сөзінше, бұған басқа вице-министр жауап береді.

Айта кетейік, Маралды ауылының іргесінде алтын өндіретін фабрика құрылысы 2022 жылы басталған. Тұрғындар содан бері кәсіпорынның алтын кенін ашық әдіспен қазып алып, цианид қоспасымен шаятынына наразы болып келеді. Бұл әдіс табиғатқа зиян келтіріп, өзен мен ауызсуды ластауы мүмкін дегенді айтады.

Тәуелсіз экологтар да фабриканың таулы жерде салынуы "қауіпті" екенін, көктемде қар суымен залалды заттар өзенді ластауы мүмкін екенін айтып жүр. Экология министрлігі фабрика салынуын министрліктер мақұлдап, өндіріс қоршаған орта үшін қауіпсіз деген қорытынды берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101727-maraldydagy-altyn-zauyty-qashan-ashylady-vitse-ministr-zhauap-berdi/