Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Жарияланған күні:

Сынып іші
Сынып іші. Көрнекі фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

Сенаттың жалпы отырысында депутат Евгений Больгерт халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді бағдарламалық құжат әзірлеуді және мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Депутат Евгений Больгерт банктердің цифрлық қызметтері, онлайн-сауда және мемлекеттік қызметтер қазақстандықтардың өмірін ыңғайлы еткенін айта келе, бұған қоса интернет-алаяқтардың көбейіп кеткенін атап өтті.

"Интернет-технологиялардың қарқынды дамуы аясында қаржылық сауаттылықтың төмендігі алаяқтар үшін қолайлы жағдай туғызып отыр", - деді депутат.

Ол кейінгі кезде баршаға белгілі WhatsApp және Telegram мессенджері арқылы алаяқтық жиілеп бара жатқанын алға тартты.

"Алаяқтар түрлі технологияларды қолдана отырып, алдау арқылы азаматтардың смартфондарын қашықтан игереді және олардан жалған хабарлама, ақша аударымы, қайырымдылық төлемдерін және т.б. ұйымдастырады. Deepfake сияқты технология бүгінде кез-келген адамның дауысы мен сыртқы келбетін қолдан оңай жасауға мүмкіндік береді", - деді сенатор.

Сенатор депутаттық сауалында киберқылмыспен күресте мекемеаралық үйлестіруді күшейту, киберқылмыспен күрес қызметін кадрлық және материалдық- техникалық күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет екенін атап өтті.

"Жаңа қауіп-қатерді ескере отырып, халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді бағдарламалық құжат әзірлеу, оның ішінде мектеп бағдарламасына үздік шетелдік практикаға ұқсас "қаржылық сауаттылық" пәнін әзірлеп, енгізу керек", - деді Больгерт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101751-deputat-mektepterge-zhanga-pan-engizudi-usyndy/