Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да банк бөлімшесінің бастығы күніне 2,5-5 млн теңге аралығында қаржы жымқырып келген

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысында банк бөлімшесінің басшысы 32 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айыппен сотқа тартылды. Ол өз кінәсін жартылай ғана мойындады, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың ресми сайтында жарық көрген ақпаратқа сүйенсек, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде меншіктеу немесе ысырап ету бабы бойынша қылмыстық іс Риддер қалалық сотында қаралған.

"Сотталушы банкте операциялық-кассалық бөлімінің бастығы және ақша мен құндылықтарды сақтау тәртібінің жауапты тұлғасы бола отырып, 2023 жылғы 11 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында 31 900 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағаны анықталды. Бұл ретте ол күн сайын 2,5 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі ақша қаражатын ұрлаған", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Банкке келтірілген залал өтелмеген.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, банктен шамамен 2 миллион теңге ұрлап әкеткенін және оны жұмсағанын айтқан.

Айытпалушының кінәсі анықталған кемшіліктер туралы есеп, қолма-қол ақшаны тексеру актісі, куәгерлердің айғақтары, сейф бөлмесіндегі бейнежазбалар және басқа да дәлелдермен расталды.

Сот істің жеңілдететін мән-жайын кінәні ішінара мойындау деп таныды, сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

"Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, жеті жыл мерзімге банк қызметіне байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ банктің пайдасына 31 900 мың теңге сомасында залал өндірілді", - делінген со ақпаратында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101799-shqo-da-bank-bolimshesining-bastygy-kunine-2-5-5-mln-tengge-aralygynda-qarzhy-zhymqyryp-kelgen/