Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзып ашқан

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне шабуыл жасады. Ведомство өкілдері қазақстандықтарға жалған хабарламалар жіберілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігі басшыларының мессенджерлері бұзып ашылғанын ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін белгісіз біреулер бұзды.

Бұзылған нөмірлерден әртүрлі зиянды сілтеме, жалған ақпарат, өтініштер және т.б. келуі мүмкін. Мұндай хабарламаларға сенбеуіңізді және оны елемеуіңізді сұраймыз. Қазір мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.

Еске салсақ, Энергетика министрі – Алмасадам Сатқалиев. Ол 6 ақпанда құрылған премьер-министр Олжас Бектенов үкіметіндегі қызметін сақтап қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101895-belgisiz-bireuler-energetika-ministrligi-basshylygynyng-messendzherlerin-buzyp-ashqan/