Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде

Опубликовано:

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығындағы 12 саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 37 техника, 40-қа жуық маман жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия штаттық режимде жұмыс істеуде.

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 7759 отбасыға 2,8 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді төлеу жалғасуда.

Бұдан бөлек, комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасады. 


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101925-oraldagy-saiazhai-uchaskelerinen-sudy-soru-zhumystary-zhurgizilude/