Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол ақталуы керек": Бишімбаевтың адвокаты үкім туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: ҚР Жоғарғы сотының YouTube-арнасы

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов тағайындалған жаза туралы пікір білдірді, деп жазады "КТК" телеарнасының сайты.

Ғазымжанов сот үкімін қорғаушылар да, бұрынғы ұлттық экономика министрінің өзі де заңсыз деп санайтынын айтты.

Мәселен, қорғаушының пікірінше, Қуандық Бишімбаев жеті жылға бас бостандығынан айырылған "Қинау" бабы бойынша қылмыс дәлелденген жоқ.

Бұл ретте Ғазымжанов Салтанат Нүкенованың өлімі азаматтық некедегі күйеуінің әрекетінен болғанын Бишімбаев жоққа шығармайтынын атап өтті.

Адвокаттар бұл қылмысты "аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" санатына жатқызбау керек екенін алға тартады. Бұл бап бойынша Қуандық Бишімбаевқа 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

"Қорғаушылардың және Бишімбаевтың өзінің пікірінше, ол қылмыс жасады, иә, бірақ ол басқа бап бойынша – 106-бабының 3-бөлімімен, яғни абайсызда Нүкенованың өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен саралануы керек еді.

"Қинау" бабы бойынша, ол жерде қинау дәлелденбеді және оны бұл бап бойынша жазаға тартпауы керек еді деп есептейміз. Ол ақталуы керек", - деді Ғазымжанов.

Адвокат аппеляцияға жүгінетіндерін растады.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102054-ol-aqtaluy-kerek-bishimbaevtyng-advokaty-ukim-zhoninde-pikirin-bildirdi-video/