Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Атырау облысындағы зират маңына жиналған су
Атырау облысындағы су кірген зират маңы. Видеодан кадр: https://t.me/oper_shtab_atyrau

Атырау облысы Сарайшық ауылында тасқын су зират аумағына кіре бастаған. Қазір мұнда жанамана бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөнінде облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сарайшық ауылында тасқын судың қатты ағыспен келуі салдарынан елді мекеннен екі шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді.

Айта кету керек, тасқын су зират сыртынан салынған қоршаудан өтіп кеткен. Сондықтан қоршауды қосымша бекіту жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Жедел штаб өкілдерінің мәліметінше, оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы жұмыс істеп жатыр. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет тұрғызуға 50 адам тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102072-atyrau-oblysyndagy-auylda-zirat-mangyndagy-bogetti-su-shaiyp-ketti-video/