Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы тасқын: тасжол жабылып, тұрғындар көрші ауылға қайықпен қатынап жатыр

Жарияланған күні:

Қайықпен кетіп бара жатқан адамдар
Атырау облысындағы су басқан ауылдардағы қайық қатынасы. Видеодан кадр: t.me/oper_shtab_atyrau

Атырау облысындағы Махамбет – Сарытоғай арасындағы жол жабылып, қайық тасымалы іске қосылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жедел штабтың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Махамбет ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының шешімімен, көп мөлшерде келіп жатқан судың бағытын бұру үшін Махамбет пен Сарытоғай ауылдарын жалғап жатқан тасжол жырылды.

"Ауыларалық қатынасты үзбеу мақсатында қайық тасымалы қызметі іске қосылды. Сарытоғай ауылынынан Махамбет ауылына жеке көлікпен қатынаушылар "Сейтек" шайханасы жанындағы айналма жолмен өте алады", - делінген жедел штаб хабарламасында.

Бұған дейін Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті тасқын су шайып кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102117-atyrau-oblysyndagy-tasqyn-taszhol-zhabylyp-turgyndar-korshi-auylga-qaiyqpen-qatynap-zhatyr/