Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда лифт алдында әйелді ұрып-тепкен ер адам видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда адамдардың көзінше лифт алдында әйелге жұдырық ала жүгіріп, бір минутқа жетер-жетпес мезетте бірнеше рет соққы жасаған ер адам видеокамера объективіне түсіп қалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео НемолчиKZ қоғамдық қорының желідегі парақшасында пайда болды. Бейнежазбадан осы жайтқа куә болған екі жігіт әйелге араша түсуге әрекет жасамағанын да байқауға болады.

"Ер адам әйелді ұрып жатыр. Екеуі қарап тұр. Бұл жайтты қалай түсіндіруге болады? Барлығын көріп отырсыздар. Әйел бұл ер адаммен ажырасқан, ал ол оны аңдып жүр. Видеодан ер адамды тоқтатайын деп тұрған адамды көрмедік. Құдды бір аяқ-қолдарын байлап қойғандай", - делінген видео сипаттамасында.

НемолчиKZ өкілі оқиға кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайына алаңдаушылық білдірген.

"Ол оны картоп салынған қапша тоқпақтады. Барлығы лифтке кіріп, өз жұмысымен кеткені ме? Ал әйел қайда қалды? Тірі ме? Көмек керек емес пе? Бәріне келіп-кетері жоқ", - дейді Дина Таңсәрі.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек түсінік берді.

"Соққы дерегіне қатысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар әйелге алған жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - дейді Салтанат Әзірбек.

Іс материалдары әрі қарай шешім шығару үшін сотқа жолданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102294-almatyda-lift-aldynda-aieldi-uryp-tepken-er-adam-videoga-tusip-qaldy/