Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат Нұртастың әндеріне 1 млн теңге, Шәмшінің хит әндеріне – 22 мың теңге": Қалдаяқовтың келіні төлемдерге шағымданды

Жарияланған күні:

Шәмші Қалдаяқов
Фото: YouTube/Хабар NEWS

Қазақ ән өнерінің королі Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте зияткерлік меншік тақырыбына тоқталды. Ол композитордың жазып кеткен хит әндері үшін отбасына аз ақша төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әділет министрлігіне Қазақстандық авторлық құқық қоғамының қызметіне тексеру жүргізу қажет, өйткені біз осы мұрагерлеріміз (Қалдаяқовтың әндеріне авторлық құқық – ред. ескертпесі), аталған қоғам мүшесіміз, бірақ біз құқықты шектеп жатқанына наразылық білдіреміз.

2019 жылға дейін жағдай сәл де болса дұрыс болып еді, төлемдер алдық. 2019 жылдан кейін төлемдер тоқтатылды. Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын пайдаланғаны үшін бір тоқсанға кеше 22 мың теңге алдық. Бұл әнұраннан бөлек, автордың 55 әні ұшін берілген қаражат. Өйткені қазір әнұран мемлекет меншігі болып табылады", - деді Ботагөз Қалдаяқова.

Ол көптеген іс-шараны ұйымдастыратын Қалдаяқов қорының директоры екенін және оларға үнемі қаражат іздеу керегін айтты.

"Мен қордың директоры ретінде демеушілерден сұраудан шаршадым, өйткені біз үлкен соманы Шәмші Қалдаяқовтың есімі үшін Қазақстан авторлар қоғамы жинайтынын білемін", - деді Ботагөз Қалдаяқова.

Мысал ретінде ол Қайрат Нұртастың әндерінің авторына төленген төлемдерді келтірді. Оның айтуынша, автор мәтіні үшін 1 миллион теңгеден алады. Ботагөз Қалдаяқова барлық танымал автор мұндай сыйақы алуы керек деп есептейді.

Соңғы бір жылда Қазақстандағы авторлық құқық иелері 500 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бұл туралы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік департаментінің директоры Шолпан Әбдіреева айтты.

"2023 жылы ұжымдық басқару ұйымдары 1 млрд 550 млн 346 мың 423 теңге жинаған. Авторларға 439 миллион 192 мың теңге берілген, көріп отырғандай, соманың жартысынан астамы төленбеген. Сәйкесінше, сұрақ туындайды: бұл ақша қайда?" - деді спикер.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекованың айтуынша, ведомство бар арыз бойынша тексеруге кіріседі. Мақсат – қаражатты ашық бөлу, өйткені авторлар жиналған қаражаттың 70 пайызын алуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102339-qairat-nurtastyng-ani-ushin-1-mln-tengge-shamshining-hit-anderine-22-myng-tengge-qaldaiaqovtyng-kelini-tolemderge-shagymdandy/